Алматы облысында 244 сынып карантинге жабылды

902

2800 оқушы екі аптаға оқшауланып, қашықтан білім алуға ауыстырылды.  

Алматы облысында 244  сынып карантинге жабылды

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, бұл жаңа оқу жылында барлық білім алып жатқандардың тек 1%-ы.

"Алматы облысында екі апталық карантинге 244 сынып жабылды. Бұл – 2800 бала, яғни, бұл білім алып жатқан сыныптардың 1%-ы.  Жалпы статистикаға келер болсақ, өңірде 22 400 сынып болса, онда 442 000 оқушы білім алуда", – деді облыс әкімінің орынбасары.

Батыржан Байжұмановтың айтуынша, өңірде соңғы екі аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9%-дан 0,6%-ға төмендеген. 

"Облыс "қызыл" аймақта. Соңғы тәулікте індет жұқтырудың 218 жағдайы анықталды. Оның ішінде 35 бала бар. Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 200-ге жуық адам түсуде. Ауырған адамдардың жас ерекшелігіне қарасақ, ең көбі - 50 және одан жоғары жастағылар, 43%. Одан кейін 30-49 жас аралығындағылар – 30%. 20-29 жас аралығындағылар – 17%, 14 жасқа дейінгі балалар - 14%", – деді әкімдік өкілі.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу