Алматы облысында 25 тамыз күні "Алатау" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

148

Бұл туралы облыстың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында 25 тамыз күні "Алатау" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады Фото: canva

Оның сөзінше, бағдарламаның басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер мен спортшыларға, сондай-ақ бюджеттік сала мамандарына қолжетімді баспана беру.

Бағдарлама аясында 30 млн теңгеге дейін ипотекалық несие беріледі және пайыздық мөлшерлемесі 5% болады. Ал бастапқы жарна мөлшері – 10%.

Оған қатысу үшін Алматы облысында кемінде соңғы 24 ай ресми жұмыс өтілі талап етіледі және өтініш берген кезде адамның меншігінде үйі болмауы керек.

– Бағдарламаға облыстық бюджеттен 3,146 млрд теңге, ал "Отбасы банк" тарапынан қосымша 629 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы 120-дан астам азаматты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,  деді ол.

Өтінім қабылдау 2025 жылдың 25 тамызында басталады. Қабылдау орны – Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/1, "Отбасы банк" ғимараты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу