Алматы облысында 250-ден аса инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Бұл туралы "Atameken business" арнасына берген сұхбатында  Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев атап өтті.

Алматы облысында 250-ден аса инвестициялық жоба жүзеге асырылады Фото: Бейнежазбадан

Өңірде әлеуметтік-экономикалық өсімді арттыру мақсатында инвестиция тарту және жаңа жобаларды іске асыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облысқа келетін отандық және шетелдік инвесторларды сүйемелдеу үшін арнайы жұмыс механизмі қалыптасқан.

Сұхбат барысында облыс әкімі ірі мегаполисте қолға алынып жатқан жаңа жобалар мен инвестициялық бастамалар жөнінде атап өтті.

– Бізде инвестиция тарту және жаңа жобаларды іске асыру мәселесі жүйелі түрде жолға қойылған. Келген отандық не шетелдік инвестор болсын, бәрімен Алматы облысының дамыту орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық әр инвесторды жобаның бастапқы кезеңінен бастап толық сүйемелдейді. Яғни рұқсат құжаттарын рәсімдеу, жер бөлу мәселесі, жобаны іске асыруға дейінгі барлық процестер бойынша қолдау көрсетеді, – деді ол.

Қазіргі упқытта өңірде 250-ден аса инвестициялық жоба бар. Жалпы инвестициялық пулдың көлемі 7 триллион теңгеден асады. Облыс әкімі аталған жобалармен жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, Алматы облысына қызығушылық танытып отырған инвесторлар қатары көп екені айтылды. Инвесторлар өңірге келген кезде әкімдікпен кездесіп, жобаларын таныстыруға ниет білдіреді. Осы мақсатта оларға нақты жол картасы ұсынылады.

– Бүгінде Алматы облысына келіп жатқан инвесторлар шоғыры айтарлықтай. Өңірге қызығушылық жоғары. Инвесторлар келген кезде міндетті түрде әкімдікпен кездескісі келеді. Сондықтан біз оларға нақты әрі дайын жол картасын ұсынамыз. Өңірді дамыту орталығы осы бағыттағы жұмыстарды толық үйлестіреді. Кейін жобалар облыстық инвестициялық комиссияда қаралады. Жалпы, жобалардың 90 пайызы бойынша инвесторлармен жеке кездесу өткіздім деп айтуға болады, – деді Марат Елеусізұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу