Алматы облысында 27 мың жаңа жұмыс орны ашылады

1720

Оған мемлекеттен 110 млрд теңге бөлінген. 

Алматы облысында 27 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Алматы облысында 27 мың жұмыс орны ашылмақ. Бұл "Жол картасы" аясында іске асырылмақ. Ол  1240 жаңа жоба іске қосу көзделіп отыр. Оған мемлекеттен 110 млрд теңге бөлінген.

Жергілікті билік  өкілдерінің айтуынша, өңірдегі мектептер пен аурухананы, сондай-ақ жолдарды жөндеуге қосымша күш тартылады. Мәселен, аймақта 88 мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер жөндеуді қажет етсе, 351 білім ордасының әжетханасын мектеп ішіне орналастыру қажет. Бұдан басқа тұрғын үйлердің ауласы мен көшедегі жолдарға, атап айтсақ, 600 нысан жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ өңірде көгалдандырумен айналысатын маман тапшы.

Осы мақсатта 9000-ға жуық жұмыс орнын ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу