Алматы облысында 293 тұрғын үй бар елді мекенді су басу қаупі жойылды

408

Алматы облысының Жиделі ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматы облысында 293 тұрғын үй бар елді мекенді су басу қаупі жойылды

Қазіргі уақытта су басу қаупі жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және мердігер ұйым үйінді бөгет салу және суару арнасын механикаландырылған тәсілмен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 45 тоннаға жуық инертті материал төселген, су жүру қаупі жоқ.

Осы жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның 25 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпандағы шолу кезінде Балқаш ауданы Жиделі ауылдық округі аумағындағы Бәйменей ағынының Балқаш көліне құятын жерінде мұз кептеліп қалған. Каналдың ені – 5-6 метр, тереңдігі – 4 метр, су ағыны – секундына 0,4 текше метр. Соның салдарынан Байменей өзенінен бөлінетін суару каналында су деңгейі көтеріліп, Жиделі ауылдық округін су басу қаупі туындады. Аталған ауылдық округте 293 жеке тұрғын үй бар, онда 1 330 тұрғын тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу