Алматы облысында 3 адам кәріз құдығына түсіп қаза тапты

1308

 Бір ай бұрын ғана осы Алматы облысында 3 адамның ажалы кәріз құдығынан келген еді. 

Алматы облысында 3 адам кәріз құдығына түсіп қаза тапты

Алматы облысында 3 адам кәріз құдығына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды КТК.

Қайғылы оқиға Қапшағай қаласында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, "Қапшағай Су құбыры" мекемесінің 3 қызметкері кәріз құдығын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыпты. Алдын ала болжам бойынша үшеуі де метан газының бөлінуінен уланып, сол сәтінде тілге келмей жан тапсырған. Құдықтағы қызметкерлердің мәйітін тек төтеншеліктердің көмегімен шығару мүмкін болған.

Естеріңізге салсақ,  бір ай бұрын ғана осы Алматы облысында 3 адамның ажалы кәріз құдығынан  келген еді. Шелек ауылының орталық ауруханасы аумағындағы кәріз суы жиналатын шұңқырға  екі сантехник пен бір медицина қызметкері түсіп, газға тұншығып көз жұмған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу