Алматы облысында 3 жасар қыз жоғалып кетті

363

Бұл факт дереу аудандық полицияда тіркелді. 

Алматы облысында 3 жасар қыз жоғалып кетті Фото: Алматы ПД

Жоғалған үш жасар қызды Алматы облысында бір тәуліктен астам уақыт іздеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бала 17 наурыз күні түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен. Қыздың анасы кешке полицияға жүгінген. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар қосылған.

"Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үйден кетіп, үш жасар қызы оралмағаны туралы хабарласты. Бұл факт дереу аудандық полицияда тіркелді. СОБР инспекторлары,кинологтар, ЖМК қызметкерлері мен жедел блоктан арнайы іздеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта арнайы үйретілген иттерді пайдалана отырып, кең ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу