Алматы облысында 3 жасар сәби кәріз құдығына құлап, қайтыс болды

903

Оқиға балабақша аумағында болған.

Алматы облысында 3 жасар сәби кәріз құдығына құлап, қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Қайғылы оқиға Қырбалтабай ауылында балабақша аумағында болды. Сәби ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"13 қыркүйек күні сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауылдық ауруханада қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт полицияда "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша тіркелді", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Б.Әленов тергеу барысын өз бақылауына алғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу