Алматы облысында 3000 метр биіктікте турист қыз адасып кетті

308

Туристті іздеу жұмыстары таулы жердің күрделі жағдайында түні бойы жүргізілді.

Алматы облысында 3000 метр биіктікте турист қыз адасып кетті Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Қарасай ауданында, Вечерняя тауының маңында, теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте турист қыз тау соқпағынан адасып, қауіпсіз бағытпен өздігінен түсе алмаған. Көмекке шақырған қоңырау түн ортасында түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы ақпарат алған ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілетін аймаққа жедел аттанды. 

Құтқарушылар бастапқыда берілген координаттарға барғанымен, турист қызды ол жерден таппады. Кейін онымен байланыс үзілген. Соған қарамастан, іздеу-құтқару жұмыстары шатқал бағыты бойынша жалғастырылды.

Іздеу барысында құтқарушылар турист қызды тауып алды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар қызды таулы жермен алып өтіп, қауіпсіз аймаққа аман-есен жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу