Алматы облысында 4 баланы азаптаған ер адам бүлдіршіндерді зорлады деген күдікке ілінді

181

Аталған іске байланысты тергеу аяқталды. 

Алматы облысында 4 баланы азаптаған ер адам бүлдіршіндерді зорлады деген күдікке ілінді Фото: видео скриншот

Биыл ақпан айында Алматы облысында үйге басып кіріп, балаларға шабуыл жасаған ер адамға қатысты үш бап бойынша тергеу аяқталды. Сондай-ақ күдікті “Зорлау” бабы бойынша тергелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, үйге баса-көктеп кірген ер адамға қатысты үш бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді:

Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1 бөлігі – Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа бару. Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4 бөлігі – Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдана отырып не оны қолданамын деп қорқыту арқылы не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсу;

Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігінің 5, 7-тармақтары – "Кәмелетке толмаған адамға, екі немесе одан да көп адамға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру;

Қылмыстық кодекстің 149-бабы 2-бөлігі – Күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе түнгi уақытта жасалған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты тұрғынжайдан заңсыз шығару.

“Зерттеу нәтижесіне сәйкес істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу мәселесі шешіледі", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Еске салсақ, Алматы облысы Жамбыл ауданында белгісіз ер адамның төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптағаны туралы жазған едік. Кейіннен балаларға шабуыл жасады деген күдікті ер адам қамауға алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу