Кеше облыс әкімі Амандық Баталов Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы жаңадан салынған 1200 орындық мектептің "Білім кілтін" салтанатты табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы биылғы жылы Алматы облысында 49 мың бүлдіршіннің 1 сыныпқа барғалы отырғандығын қуана хабарлады. Облыс әкімі оқушылардың сабақтарын жақсы оқып, ұстаздарынан өмірлік тәлім-тәрбие алып, білім нәрімен сусындап, еліміздің болашағына сүбелі үлесін қосар саналы азамат болып өсетіндіктеріне сенім білдіретіндігін жеткізді.
Осыдан кейін жаңа ғимараттың лентасы салтанатты түрде қиылып, облыс әкімі бастаған бір топ қонақтар мектептің ішкі құрылымымен танысып, құрылыс сапасын тексеріп шықты.