Алматы облысында 5 күн ішінде пәтер тонаған 46 ұры қолға түсті

1732

Арнайы шара барысында ұрланған заттарды алып-сату нүктелері тексерілуде.

Алматы облысында 5 күн ішінде пәтер тонаған 46 ұры қолға түсті

Алматы облысында "Пәтер" арнайы шарасы жалғасуда. 5 күннің ішінде жетісулық полицейлер 46 пәтер тонаушыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алғашқы бес күнде 56 пәтер ұрлығы ашылды. Олардың ішінде 34 қылмыс бұрын жасалғандар санатында. Арнайы шара барысында ұрланған заттарды алып-сату нүктелері тексерілуде", – деп мәлім етті Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Атап өтілгендей, ұсталған 46 күдіктінің пәтер ұрлықтарына нақты қатысы бары анықталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу