Алматы облысында 52 жастағы әйелді он шақты ит талап тастаған

169

Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Қарасай ауданында болған.

Алматы облысында 52 жастағы әйелді он шақты ит талап тастаған Фото: YouTube

Әлеуметтік желіде жерде жатқан әйелді он шақты иттің талап жатқаны бейнелеген жазба тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының полиция департаменті иттердің 52 жастағы әйелге шабуыл жасауына байланысты қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында 60 жастағы иттердің иесі анықталды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу