Алматы облысында 54 жастағы ер адам тұрғындарды пышақпен қорқытқан

165

Ер адам ұсталды. 

Алматы облысында 54 жастағы ер адам тұрғындарды пышақпен қорқытқан Фото: видео скриншот

Алматы облысы Қарасай ауданында қолында пышғағы бар ер адам жергілікті тұрғындарды қорқытқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіге шыққан видеода ер адамның үстінен біренше рет арыз жазылса да, еш нәтиже бермегенін айтты.  

Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"15 сәуір күні Қарасай ауданының полициясына 54 жастағы Кемерторған ауылының тұрғыны беймәлім ер адамның дүкен мен аулада тұрғын көліктің терезесін сындырғанын айтып, шағымданды. Аудандық полицияның учаскелік инспекторлары 1987 жылы туған ер адамды анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша бұзақылық белгілері аясында қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаны тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу