10 ақпанда түнде кезекші бөлімге Еңбекшіқазақ ауданының Нұрлы ауылынан 20 км жерде қар құрсауында екі автокөліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына шыққан. Айта кетейік, оқиға орнына дейінгі арақашықтық 170 шақырымды құраған. Қабылданған шаралардың арқасында құтқарушылар қар құрсауында қалған техника мен адамдарды құтқарды. Медициналық көмек қажет болмады. ТЖД қызметкерлері азаматтарды ең жақын елді мекенге дейін жеткізді.
Алматы облысының ТЖД-і азаматтардан қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS хабарламаларын алған кезде, алыс жолға шықпауларын сұрайды.