Осыған орай, "Азаматтарға арналған үкімет" арнайы статистика дайындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды.
Алматы облысы бойынша осы аралықта 6413 (2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында – 2602) неке тіркелді. Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары.
Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың азаматының тууы тіркелді. Аймақ бойынша 29725 (4 айда 9305) балаға туу туралы куәлік рәсімделді.
Еске салайық, 2023 жылғы 1 шілдеде "Азаматтарға арналған үкіметке" азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.