Алматы облысында 6 жасар балада гепатит анықталды

270

​Баланың ата-анасы аурухананы кінәлап отыр.  

Алматы облысында 6 жасар балада гепатит анықталды Фото: ЖИ

Алматы облысында 6 жасар ұлдың ата-анасы баласының облыстық балалар клиникалық ауруханасында қан құйғаннан кейін С гепатитін жұқтырған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Аталған дерек бойынша медициналық мекемеде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Баланың әкесі ұлы Түркияға барған сапар кезінде өзін жайсыз сезіне бастағанын мәлімдеді. Қатты жөтел пайда болып, дене қызуы көтерілген. Олар елге оралғаннан кейін баладан қан кеткен. Ол Алматы облыстық балалар ауруханасына шұғыл түрде жеткізіліп, оның сирек кездесетін аутоиммунды дертке шалдыққаны айтылған.

Әкесінің сөзінше, дәрігерлер балаға дәрі-дәрмек тағайындаған. Кейін емді жалғастыру үшін ұл баланы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жіберген. Талдау жүргізіліп, С гепатитіне тапсырылған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен. Ата-ана баласына инфекция қан құю кезінде жұққан болуы мүмкін деп есептейді. Баланың әкесі Президент әкімшілігіне хат жазып, бұл істі бақылауға алуды сұраған. Осы оқиғадан кейін ауруханада тексеру басталды.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Уәкілетті мемлекеттік органдар тексеруді аяқтағаннан кейін түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға береді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу