Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы вакцина алды

323

Бұл туралы Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды. 

Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы вакцина алды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы егілді, оның 6 мыңы 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетсек, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, өңірде қараша айынан бері қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. Жаппай иммундаумен 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар және 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлері қамтылды.

"Алматы облысында 60 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы егілді, оның алты мыңы 6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар", - деп түсіндірді департаменттен.

Сонымен қатар, Алматы облысында зертханалық жолмен расталған 2 мың жағдай тіркелді. Қызылшамен ауырғандар Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарында тұрады. Оның басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында (71%) анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу