Алматы облысында 65 жастағы ер адам жол жиегінде отырған балаларды қағып, қашып кеткен

311

Оқиға Абай ауылында болған.

Алматы облысында 65 жастағы ер адам жол жиегінде отырған балаларды қағып, қашып кеткен Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысында екі баланы қағып кеткен Cobalt жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балалардың бірінің әкесі екі жеткіншек дүкен маңында балмұздақ жеп отырғанын айтады. Көлік балаларды қағып, еш кідірместен оқиға орнынан бой тасалаған.

Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, балаларды қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен 65 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу