Алматы облысында 7-сынып оқушысын бірнеше адам зорлаған

210

Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Алматы облысында 7-сынып оқушысын бірнеше адам зорлаған Фото: pixabay

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында кәмелетке толмаған қызды бірнеше адам зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде тараған видеода әйел мен бірнеше ата-ана мектепке келіп, 7-сыныпта оқитын жетім қыздың зорлық көргенін және мұны басшылықтың жасыруға тырысқанын айтады.

Жамбыл аудандық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 21 қыркүйекте, жексенбіде мектеп аумағынан тыс, үй жағдайында болған. Мектеп директоры бұл дерек туралы 13 қазанда біліп, дереу құқық қорғау органдарына хабар берген.

"Аталған дерек бойынша тергеу органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі ("Он алты жасқа толмаған адамға қатысты зорлық-зомбылықсыз жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау") бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр", – деп нақтылады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқушылармен жеке профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары зардап шеккен жасөспірімге көмек көрсетіп жатыр.

"Мектеп директоры дұрыс әрекет етті, ол бұл жағдай туралы дереу полицияға хабарлауға міндетті еді. Қазір тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, барлық жайт нақтыланып жатыр. Дегенмен біз азаматтардан жалған ақпарат таратпауды және балаларға қатысты мәселені хайпқа айналдырмауды өтінеміз. Өйткені ең бастысы – баланың тағдыры мен жағдайы", – деді Жамбыл ауданының білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу