Алматы облысында 70 ауланы су басты

835

Алматы облысында 70 ауланы су басты

Кешеден бері Алматы облысында бес көшені су басып, бес үйге су кіріп, 70 аула қызыл судың астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің соңғы таратқан мәліметіне сүйенсек, бүгін аулаларды су басу жағдайы Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Ақсу аудандары және  Талдықорған қаласында тіркелген. Оқиға орындарында 326 адам және облыстық ТЖД-нен 177 маман жұмыс істеп, қызыл сумен күресуде. Бұл жұмыстарға 132 техника және 22 мотопомпа жұмылдырылып, 2500 текше метр су сорылған.

Сондай-ақ, ТЖД қызметі, қазіргі жағдайда басқаларға қарағанда қызыл судан көбірек жапа шеккен Жамбыл ауданының Қайназар ауылында  және Ұзынағаш елдімекенінде жағдай толық қалпына келіп, тұрақталғанын мәлім етті.

Ал Талғар ауданындағы Тұздыбастау және Қызылту ауылдарында жұмыстар әлі жүріп жатыр. Су басқан 35 ауланың 23-і тазаланған. Бұл жерлерден жалпы 2800 текше метр су шығарылған.  

"Тұрғындардан табиғаттың тосын сыйына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Су басу қаупін алдын алу мақсатында үйлердің аулаларын және арық жүйелерін тазалап  отыруға шақырамыз", - делінген ТЖД таратқан хабарламасында.

Айта кету керек, қазір Алматы облысының кей жерлерінде  жауын жауып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу