Алматы облысында 700 мыңнан астам тұрғын дауыс берді

156

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының сағат 16:00-дегі мәліметі бойынша Алматы облысының 700 мыңнан астам тұрғыны немесе 68,23 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматы облысында 700 мыңнан астам тұрғын дауыс берді Фото: Алматы облысының әкімдігі

Айта кетейік, өңірде барлығы 677 референдум учаскесі жұмыс істейді, дауыс беруге құқылы 1 029 611 азамат тұрады. Учаскелер қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықталған.

Дауыс берушілер қажет болған жағдайда Конституция жобасының аудио нұсқасын тыңдап, ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіне алады. Сонымен қатар ақпараттық стендтерде дауыс беру тәртібі түсіндірілген.

Облыс орталығында 2 арнайы көлік және 214 елдімекенді қамтитын 24 инватакси, 15 сурдоаудармашы мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеуде. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу