Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының "Ақбұлақ" спорт-сауықтыру кешенінде автобустың көктайғақ салдарынан жол жиегіне шығып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Автобус салонында 79 бала болған, деп жазады inbusiness.kz Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына ТЖ департаментінің қызметкерлері мен жол қызметі дереу жіберілген.
“Сағат 11:58-де шақырту орнына келген соң, балалар мен тәлімгердің 2023 жылдың 3 қаңтарынан бастап "Айба" спорт комплексінің аумағында бизнес-оқытуда болғаны анықталды. Оларды тасымалдаған автобустың жеке көлік компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Аталған компания басқа автобус ұсынып, осылайша балалар Алматы қаласына басқа автобуспен жетті”, - деп хабарлады ведомство.
Кептеліп қалған автобус эвакуацияланды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.