Алматы облысында 8 жігіт бір қызды зорлаған: кәмелетке толмаған жеткіншек мәлімдеме жасады

119

Ауыр қылмысқа қатысты іс қозғалды.    

Алматы облысында 8 жігіт бір қызды зорлаған: кәмелетке толмаған жеткіншек мәлімдеме жасады Фото: Видеодан скриншот/almatytv.kz

Жәбірленуші жетім өскен қыз. Оның айтуынша, оқиға ауылдасы болып табылатын 26 жастағы ер адаммен кездесуден кейін басталған, деп жазады inbusiness.kz сайты "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бірнеше адам күдікке ілінген. Олардың жасы 16 мен 26 аралығында.

Қыздың заңды өкілінің сөзінше, күдіктілердің жақындары істі жария етпеуге тырысқан. Алайда оқиға бойынша арыз құқық қорғау органдарына 16 наурызда түскен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция өкілдері оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

“Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау үшін тергеу-жедел тобы құрылған. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сәйділдин.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу