"Таза Қазақстан" ұлттық экологиялық бастамасы аясында Алматы облысында заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан бері өңірде ғарыштық мониторинг арқылы 86 заңсыз қалдықтар үйіндісі анықталған. Оның 79-ы жойылды. Бұл анықталған үйінділердің шамамен 92%-ы тазартылғанын білдіреді.
Қалған аумақтарда тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар Экология департаментінің мамандары мен аудан әкімдіктерінің өкілдері жер үсті мониторингін жүргізіп, тағы 20 заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады.
Мониторинг проблемалық аумақтарды жедел анықтап қана қоймай, қоқыстың шығарылуын бақылауға және қалдықтарды заңсыз тастаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Заңсыз үйінділерді жою және елді мекендердегі тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары "Таза Қазақстан" бастамасы аясында жалғасады.