Алматы облысында 9 жасар баланы жылан шағып қайтыс болды

669

Ол ауруханада көз жұмды

Алматы облысында 9 жасар баланы жылан шағып қайтыс болды Фото: КТК

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 маусым күні түскі сағат 13.35-те Кеген аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 9 жасар бала жылан шағу диагнозымен өте ауыр халде түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Балаға жансақтау бөлімінде дезинтоксикациялық ем жасалып, схема бойынша екі реттік жылан уына қарсы сарысу егілді.

"Жансақтау бөлімінде науқасқа клиникалық хаттамаға сай ем-дом толық жасалды. Бірақ, интенсивті реанимациялық комектің дер кезінде көрсетілгеніне қарамастан 29 маусымда биологиялық өлім тіркелді",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу