Алматы облысында әйел бес жасар баланы көлікпен қағып мерт қылды

4272

Оқиға 10 мамыр күні Саймасай ауылында болған. 

Алматы облысында әйел бес жасар баланы көлікпен қағып мерт қылды Фото: Марқұм баланың туыстары ұсынған суреттер

Бүлдіршіннің туыстары жол-көлік оқиғасына кінәлі адам жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін деп алаңдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайтыс болған баланың туысының айтуынша, қайғылы оқиға 10 мамырда күндізгі сағат 4-тер шамасында марқұм бала тұратын Саймасай ауылындағы үйдің маңында болған. Оқыс оқиғадан кейін бүлдіршін бірден көз жұмған. Алайда жол апатынан кейін әйелді ешкім ұстамады, дейді олар.

"Ол тіпті ата-анасына да келмеді, кешірім сұрамады. Ол кінәсін мойындамайды. Жол-көлік оқиғасынан кейін оны ешкім сараптамаға апарған жоқ. Қызметкерлер көліктегі қанды сүртіп тастаған, баланың аяқ киімдерін мүлдем басқа жаққа апарып қойған. Жол шетінде емес, жолда болғандай етіп сызып қойған", - деді қайтыс болған баланың тәтесі.

Олардың айтуынша, көлік жүргізген әйел мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Алматы облысының Полиция департаменті 10 мамырда Саймасай ауылында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болғанын растады.

"Opel Astra көлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала есін жимай, аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.

Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу