Алматы облысында әйел мен екі бала өртеніп кетті

1611

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылған.  

Алматы облысында әйел мен екі бала өртеніп кетті

Алматы облысында үй өртеніп, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.  

"16 қараша күні сағат 00.48 кезінде өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Бәйтерек ауылының "Труженник" саяжайлық қоғамдастығында екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше үй толығымен өртеніп кеткен", – деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖД.

Сағат түнгі 02.36 кезінде өрт сөндірілген. Тілсіз жау департаменттің хабарлауынша, 240 шаршы метр аумақты алып кеткен.

"Үйінділерді тексеру барысында өрт орнынан денесі жартылай күйіп кеткен үш адамның - 1985 жылы туған әйел мен оның 2008 және 2014 жылғы екі баласының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр",  – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу