Алматы облысында әйел мен екі баласын өлтіріп, өртеп жіберген ер адам сотталды

233

Алматы облысында әйелді және оның екі баласын өлтіріп, үйін қасақана өртеп жіберген ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында әйел мен екі баласын өлтіріп, өртеп жіберген ер адам сотталды Фото: t.me/dina_tansari

Алматы облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш кісіні өлтіру бойынша қылмыстық істі қарады.

Ер адам мас күйде әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген. Сосын үйдің есігін құлыптап шығып кеткен. Бірақ кейін оралып, 40 мың теңгені алып, үйді өртеп жіберген.

Сөйтіп ізін жасырған қылмыскерді таныған оқырмандар казинода жүретінін айтып, полицейлердің тез арада тауып алуына септескен.

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденген.

"Сот сотталушыны өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті", – деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу