Алматы облысында әйелдер колониясының құрылысшысы сотталушыны зорлаған

375

Ақпаратты ІІМ қылмыстық іздестіру департаменті растады. 

Алматы облысында әйелдер колониясының құрылысшысы сотталушыны зорлаған Фото: inbusiness.kz

Алматы облысының №10 мекемесіндегі сотталушы оны құрылысшы ​​зорлағанын айтып, прокурорға арызданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында құрылыс жасап жүрген ер адам сотталған әйелді зорлады деген күдікке ілінді.

"№10 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушы А. прокурордың жеке қабылдауында шамамен бір ай бұрын мекеменің медициналық бөлігінің құрылысшысы оған жыныстық зорлық-зомбылық жасағанын мәлімдеді", – делінген ІІМ қылмыстық іздестіру департаментінің хабарламасында. 

Осы фактіге байланысты Іле аудандық полиция бөлімі жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу