Қайғылы оқиға 23 сәуір күні сағат 22:05 болған.
"Анықталғандай, "Audi-80" көлігінің жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел және екі кішкентай бала оқиға орнында мерт болды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Көліктің 19 жастағы жүргізушісі қамауға алынып, машина айып тұрағына қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу