Алматы облысында аймақтағы туризм туралы ақпараттық портал жұмыс істей бастады

1097

Алматы облысында аймақтағы туризм туралы ақпараттық портал жұмыс істей бастады

Сондықтан облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облысық туризм басқармасы бірігіп, өңірдің туристік әлеуетін көтеруге бағытталған "Жетісу" ақпараттық порталын іске қосты. Порталда Жетісу аймағының көрікті жерлері, туристік нысандар, тұрғын-үйлер туралы ақпараттар жинақталған. Осы арқылы шетелдік және отандық туристерді қызықтырып, шығымның орнын толтырмақшы.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасына бүгінгі таңда туризм саласымен айналысатын 300-ге жуық жеке кәсіпкер тіркелген. Алайда, олар жұмысын бірден жүргізіп кетуге кедергі де баршылық.

"Жетісу өңіріне келуге ынталы шетелдік туристердің қатары көп. Алайда, біз туған өлкеміздің бай табиғатын насихаттау жағынан ақсап келеміз. Жаңа портал осы кемшіліктердің орнын толтырады", – дейді облыстық туризм басқармасы сыртқы байланыстар, мемлекеттік қызмет көрсету және инвестициялық жұмыстар бөлімінің басшысы Бақытжан Оразбаев.

"Портал қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүргізіледі. Алдағы уақытта сайтта облыстағы аудан, қалалардағы мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындары туралы тармақ орналастырмақпыз", – дейді Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының директоры Нұрлан Байғабылов.

Ақпараттық портал облыстық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жасаған алғашқы жобасы. Осындай тығыз серіктестіктің арқасында туризм басқармасы кәсіпкерлерді жан-жақты қолдап, туындаған мәселелерге жедел жауап беріп, бизнеске арналған оқу семинарларын өткізуді де қолға ала бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу