Алматы облысында алаяқтық жолмен криптовалюта жасаумен айналысқан топ ұсталды

147

Тергеу барысында осы қылмыстық схемаға қатысы бар 20-дан астам тұлға анықталды. 

Алматы облысында алаяқтық жолмен криптовалюта жасаумен айналысқан топ ұсталды Фото: polisia.kz

Алматы облысында алаяқтық жолмен алынған ақшаны криптовалютаға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан дропперлер тобының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында осы қылмыстық схемаға қатысы бар 20-дан астам тұлға анықталды. Олардың қатарында дроптар, дроп-жетекшілер, кураторлар мен менеджерлер болған.

"Әр қатысушы бірнеше банктік шотты (5-7-ге дейін) пайдаланып, әрбір транзакциядан 1-3% мөлшерінде сыйақы алып отырған. Жаңа дроптарды тарту Telegram арналары арқылы жүргізілген. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қаржы қозғалысы тоқтатылып, ай сайынғы айналымы 100 миллион теңгеден асатын криптовалюталық әмиян анықталды. Бұл әмиянның қылмыстық схеманы ұйымдастырушыға тиесілі екендігі белгілі болды. Қазіргі уақытта банктерден қаржылық операциялар туралы ақпарат алу үшін қажетті құжаттар рәсімделіп, анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылуда", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жеті адам ұсталды, олардың арасында үш куратор, бір менеджер және үш дроппер бар. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу