Алматы облысында алғашқы қар жауды

261

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде ертең 2 градус суық болады.

Алматы облысында алғашқы қар жауды Фото: @olyakukuxa

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең кей өңірде жаңбыр, қар жауып, 2 градус суық пен үсік болады деп болжады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда бүгін күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Ертең Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде ертең 2 градус суық болады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде, таңертең тұман түседі.

Жетісу облысында тұман, облыстың солтүстік-шығысы, орталығында екпіні секундына 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 метрге дейін жел соғады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу