Күйеуін өлтірді деп айыпталған әйел алқабилердің шешімімен ақталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу нұсқасы бойынша, биылғы бірінші мамырда ерлі-зайыптының арасында жанжал болған. Келіспеушілік кезінде әйел күйеуінің жүрек тұсына ас үй пышағымен соққы жасаған. Ер адам алған жарақатынан қайтыс болған.
Әйелге Қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни "Адам өлтіру" бойынша айып тағылған. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сотта алқабилер айыпталушыны кінәсіз деп таныған. Осы шешім негізінде сот ақтау үкімін шығарды.
Әйелге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шараның күші жойылды. Жәбірленуші тараптың моральдық және материалдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы да қанағаттандырылмады.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.