Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын агрофирма Қонаевтағы алма бақты сатылымға шығарды. Оның бастапқы құны – 10 млрд теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алма бағын сату туралы хабарландыру e-qazyna сайтында жарияланды. Аукционның бастапқы бағасы – 10 068 167 076 теңге, ең төменгі бағасы – 3 356 055 692 теңге.
Өз кезегінде "NurAgro" ЖШС-нің құрылтайшысы – Ауыл шаруашылық министрлігіне қарайтын "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы.
Орналастырылған ақпаратқа сәйкес, алма бағымен бірге ауыл шаруашылық техникалары, көкөніс сақтайтын қоймалар, ғимарат, жер учаскелері сатылады. Жалпы аумағы – 1 460 га.
Аукцион 28 қаңтардан басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу