Өңірдегі белсенді азамат Жасұлан Сейдазимов дауыс беруге Қазақстан археологиясының тарихындағы таңғажайып мұра – Алматы облысынан табылған "Алтын адам" бейнесінде келген.
"Бүгін елімізде тарихи шешім қабылданып жатыр. Бұл – барлығымыздың болашағымызға қатысты маңызды шешім. Сондықтан бұл келелі шешімде туған топырағымыздың өткен тарихы мен ондағы өркениет ізін жаңғыртқым келді. Әрине, мен мұны өзімнің азаматтық ұстаным білдірудің ерекше тәсілі дер едім. Мен қашан да қоғамды өзгерту мен елімізді өркендетуге бағытталған шешімдерге белсене үн қатып келемін", – дейді кәсіпкер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу