Алматы облысында алтынның буы дүрбелең туғызды

1628

Кен қазушылар өзен арнасын бөгеп тастағасын, жасанды шағын көл пайда болған. 

Алматы облысында алтынның буы дүрбелең туғызды

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданында алтынның буы әсер ерткен жұртшылық, байлық шыққан жерді белден қазып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Хан-Тәңірі шыңының етегінде белгісіз біреулердің кен өндіріп жатқанын жергілікті шопандар жеткізді. Табыс көзін табамын дегендер әркімнің аяғы жете бермейтін Кетмен өзенінің жағалауына жайғасқан. Кен қазушылар өзен арнасын бөгеп тастағасын, жасанды шағын көл пайда болған. Аталған жерге қажетті құрылғылар мен қондырғылар орнатқан. Ал жергілікті билік болса көз алдарында болып жатқан жағдайдан хабарымыз жоқ, естіп – білмедік дейді.

Әкімдіктегілердің айтуына сенсек, бірнеше жыл бұрын бұл аймақта алтын іздеуге, барлауға индустрия және инновация министрлігінен бір компания рұқсат алған. Алайда, бағалы металды өндіру жұмысы басталып кеткенін ешкім еш жерге жарияламаған. Шенеуніктер жуық арада мәселені жіті тексереміз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу