Алматы облысында анасы баласын құтқармақ болып, екеуі де суға кетті

574

Алматы облысында құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында анасы баласын құтқармақ болып, екеуі де суға кетті Фото: informburo.kz

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1981 жылғы әйел мен оның 2015 жылғы баласы Талғар өзенінің жағасына барған.

Демалыс кезінде олар суға құлап, ағыс алып кеткен.

22 маусым күні сағат 15:55-те Талғар ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Маралсай шатқалында құтқару-іздеу жұмыстары басталған.

– Сағат 18:35-де Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары судан әйелдің мәйітін шығарды. Өзен жағасында баланы іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған, – деп хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу