Алматы облысының Полиция департаменті 20 қазанда Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші "Алматы-Алатау" а/ж бойынша батыс бағытта 4 км жүріп, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасап, рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кеткен. ЖКО салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қайтыс болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу