Алматы облысында анасы мүмкіндігі шектеулі баласын ұрып өлтірді

1015

Қылмыстың нақты себептері мен мән-жайлары әлі белгісіз. 

Алматы облысында анасы мүмкіндігі шектеулі баласын ұрып өлтірді Фото: inva news

Алматы облысы, Боралдай ауылында жантүршігерлік оқиға болды. 2 қазанда кешке әйел өзінің кәмелетке толмаған, мүмкіндігі шектеулі баласын өлімші етіп сабаған. Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы әлі анықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні дереу ұстады. Анасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу басталды. Қылмыстың нақты себептері мен мән-жайлары әлі белгісіз.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты былай деп мәлімдеді:

"Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын объектив зерттеуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу