Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін

133

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өңір тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін Фото: canva.com

ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматы облысының тауларында 2 мен 5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. Жалпы Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

- ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, - деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу