Алматы облысында арақ шығаратын астыртын цех табылды

1056

Жасырын цехты тексеру кезінде Absolut, Хортица, Воздух, Мороша, Бульбаш, Царская, Зерно сияқты брендтердің жалған түрін саудалап келген.

Алматы облысында арақ шығаратын астыртын цех табылды

Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қымбат маркалы ішімдік түрлерін өндіріп келген астыртын цехті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Жасырын цехты тексеру кезінде Absolut, Хортица, Воздух, Мороша, Бульбаш, Царская, Зерно сияқты дайын алкогольдік өнімнің 800-ден астам бөтелкесі, шығу дерегі күмән тудыратын акциз маркалардың 2100 данасы, көлемі 160 литр болатын спирт, бос бөтелкелер мен қақпақтар, сонымен қатар алкогольді өнімді дайындауға және құюға арналған 25 литрлік бөшке анықталып, тәркіленген.

Алдын ала мәлімет бойынша, спирттік сусындар нарықтағы құннан арзандау бағамен Алматы мен Алматы облысының аумғында сатылып келген.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 233 (акциздеуге жататын тауарларды белгілеу тәртібі мен ережесін бұзу) бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу