Алматы облысында арақты заңсыз өндіріп келген зауыт анықталды

1158

Осы уақытқа дейін кәсіпорын 10 мың 300 литр арақ өндіріпті.

Алматы облысында арақты заңсыз өндіріп келген зауыт анықталды

Қарасай ауданында арақты заңсыз өндірген зауыт анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

19 мамырда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу басқармасымен бірлесіп, арақты заңсыз өндіру фактісін анықтаған.

"Қарасай ауданындағы зауытта "Наша Водка" арағының 14 мың бөтелкесі (0,5 литр) және 3 мың 300 литр сприт анықталды. Кәсіпорын 10 мың 300 литр арақты заңсыз өндірген",  деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу