Алматы облысында Ashyq жобасынан 997 кәсіпкерлік субъектісі шеттетілді

617

Олардың қосымшаны дұрыс пайдаланбағаны анықталды. 

Алматы облысында Ashyq жобасынан 997 кәсіпкерлік субъектісі шеттетілді

Арнайы мониторинг нәтижесінде Алматы облысында Ashyq жобасынан 997 кәсіпкерлік субъектісі шеттетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысында 8 933 нысан Ashyq жобасының қатысушысы. Мониторинг топ шағын және орта бизнестің 5 099 субъектісін тексеріп, қосымшаны дұрыс пайдаланбаған фактілерді анықтады. Соған сәйкес 997 жоба қатысушысы Ashyq жүйесінен шеттетілді", – деп жазылған хабарламада. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша, Алматы облысында 2021 жылғы 10 маусым мен 15 қыркүйек аралығындағында санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3159 адам анықталды. 

"Оның ішінде, "қызыл" мәртебесі бар 2 346 және "сары" мәртебесі бар 813 адам тіркелген. "Қызыл" мәртебесі бар тұлғаларға қатысты жалпы 3 894 175 теңге болатын 89 айыппұл салынды. Сондай-ақ "сары" мәртебе анықталған азаматтарға қатысты үй карантиніндегі шарттарды сақтау қажеттілігі туралы талаптармен 295 қаулы берілді", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу