Алматы облысында сарбазды аспанға оқ атып қарсы алғандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Қарасай ауданы Көксай ауылында болған.
"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуір күні Қарасай ауданының Көксай ауылында оқ атқан бұзақылық әрекет фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді", - деп хабарлады департаментен.
Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.
"Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті ведомстводан.