7-10 қараша күндері Алматы облысында ат спортынан Орталық Азия лигасының кубоктік бәсекесі өтті деп жазады Olympic.kz.
130 см бағытында Рузана Бакумян бірінші орын иеленсе, Ержан Қорабай екінші сатыға орналасқан. Командалық сында Өзбектан топ жарды. Екінші және үшіші орында тиесінше Қырғызстан және Қазақстан командалары иеленді.
Ал ат спортынан өткен Гран-при додасында қазақстандық Нұрила Тұрысбекова қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ол спорт шебері нормативін орындаған. Ал 130 см бағытындағы кіші Гран-при сынында қырғызстандық Ринат Галимов жеңіске жетті.
Қазақстандықтар Шыңғыс Маликаждар мен Денис Есенгелдиев күміс және қола жүлдегер атанды.