Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты

494

Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда.

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты

Алматы облысында атыс болып, төрт адам жарақат алды, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлайды.

"Адам өліміне алып келген атыс 7 қыркүйек күні болған. Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Жағдайлар анықталып жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Айтуынша, қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындау мен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу