Алматы облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге 25 миллиард теңге бөлінеді

881

Алматы облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге 25 миллиард теңге бөлінеді

Облыстық және ауылішілік жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттен жыл сайын 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, жергілікті жолдардың 78%-ының жағдайы біршама жақсарды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
"Нұрлы жол" бағдарламасының арқасында әлемдік заманауи стандарттарға сәйкес "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Алматы – Талдықорған" автокөлік жолдары жасалды. Өткен жылдың өзінде ғана көлік қызметінің көлемі 10% өсіп, 500 млрд теңгеге жеткен.
Осы жылы "Талдықорған-Өскемен", "Үшарал-Достық", "Ұзынағаш-Отар", "Күрті-Бурылбайтал" автокөлік жолдарының құрылысы басталып, соның нәтижесінде өңірдің транзиттік әлеуеті бұрынғыдан да арта түспек.
Жалпы Алматы облысындағы автокөлік жолдарының ұзындығы 9334 шақырым болса, соның 6788 шақырымы – жергілікті маңыздағы жолдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу