Алматы облысының Шамалған ауылында поезд келіп автобусқа соғылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы облысына қарасты Шамалған ауылындағы Ақсеңгір өткелінде жолаушылар тасмалдаушы автобус темір жол үстінде көлік кептелісіне байланысты тұрып қалған.
Бұл уақытта өткелден өтуге тиіс пойыз тоқтай алмай автобусқа келіп соқтығысқан. Әлеуметтік желілердегі бейресми деректерде адам шығыны барлығы жазылып жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, 1 адам мерт болып, 9 адам жараланған.
"Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қосымша ақпарат толықтырылып беріледі",- деп жазды облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желіде.